«Бэйби Про» ЖШС — «Радуга» балабақшасы
«Радуга» балабақшасы-дәстүрлі құндылықтар мен өмірлік дағдыларды, интеллектті дамытуды, ана тіліне деген сүйіспеншілікті ескере отырып құрылған, қазіргі заманғы балаларға арналған оқу бағдарламасы бар мекеме.
«Радуга» балабақшасы 24.07.2017 жылы Адильбекова Сайран Ерсаиновнаның басшылығымен есігін айқара ашты.
Білім берудегі негізгі критерийлер — бұл әр балаға деген сүйіспеншілік, үйлесімділік, жақсылық және жеке көзқарас. Педагогикалық процесстің негізгі компоненттерінің бірі-тәрбиешінің балалармен жеке-бағдарланған сенімді өзара әрекеті.
Жайлы атмосфера — бұл жай ғана сөздер емес, әр балаға деген қамқорлық. Біз балабақшада балалардың денсаулығы мен қуанышын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.
